Қаланың сыртына алып шыққан: Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасалды

Атырауда 9 сәуір күні аса ауыр қылмыс жасалды. Қаланың төрт тұрғыны 24 жастағы жігітті ұрып өлтірген, деп хабарлады Sputnik.kz.
 

Облыстық полиция департаменті мен ҰҚК депратаментінің қызметкерлері қылмысты сол күні ашқан. Күдіктілер мәйітті көміп кеткен жерді көрсетті.

 Сол күні сағат 04:00-де Атыраудың төрт тұрғыны жеке бас араздықтарына байланысты 24 жастағы жігітті ұрып өлтірген, содан кейін оны автокөліктің жүксалғышына салып, қаланың сыртына алып шығып, Талғайран ауылына  жақын маңдағы Жайық өзенінің жағалауына көміп кеткен.

 Қазіргі таңда төрт жігіт (екеуі 29 жаста, қалған екеуі 25 және 23 жаста) уақытша ұстау абақтысына жабылды, олар кінәсін мойындап отыр.