Қалашыдағы "ұйқы ауруына" булар себеп болуы ықтимал - ДСМ

"Алынған нәтижелер негізінде жұмыс тобы жасаған қорытындыға қарағанда, жылыту маусымы кезінде жертөле мен дұрыстап желдетіп алынбаған үйлерде жиналып қалған булар сондай симптомдардың пайда болуына әкеп соғуы ықтимал болған. Оны пациенттер тұрған үйлерде жасалған анализдер көрсетіп отыр", делінген денсаулық сақтау министрлігінен таралған хабарламада.

Арнайы құрылған жұмыс тобы бұл селоның табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамасын зерттеп, экологиялық зерттеулердің нәтижелеріне талдау жасады, медициналық көмекке жүгінген тұлғалардың медициналық құжаттамаларын қарап шықты.

"2013 жылдың наурыз айынан бері "ұйқы ауруына" себеп болуы ықтимал 7 мыңнан аса зерттеу жүргізілді. Радиациялық, бактериалды және вирусологиялық анализдер ауруға қатыстарының жоқтығын көрсетті.


Алдында хабарланғандай, өткен жылдың наурыз айынан бері селоның 40 тұрғыны медицина көмегіне жүгінген. Бәріне де "айқын емес этиология энцефалопатиясы" диагнозы қойылған болатын.