Бұл туралы ол журналист Ғалымжан Сәңкібаевтың "Byzden syzge" жобасына берген сұхбатында айтып берді, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жүрегім бос емес, әзірге күйеуім емес. Жүкті екенімді білгеннен кейін ол қатты шокта болды, бір жағынан қатты қуанды. Не істейтінімізді білген жоқпыз, өйткені оған дайын болған жоқпыз. Ол жігіттің әйелі бар, "ажырасамын", - деп жүріп ажыраспайды. Ол "әйелімді жақсы көрмеймін, ажырасамын", - дейді. Білмеймін, әйелі екеуінде төсек жағынан проблема бар шығар білмеймін ғой. Сол сөздерін тыңдап, оған сендім", - дейді Айза.