Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталық құру қажет - президент

"Өндірістік және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі ұлттық орталық құру жайын ойластыру қажет", - деді Н. Назарбаев. "Бірінші кезекте күкіртті сақтау және пайдалы жарату жөніндегі орталық туралы сөз қозғалып отыр", - деп нақтылады ол.

"Біз аса үлкен көлемдегі күкіртті қоймада сақтап отырмыз және үкімет қазір еліміздің бастыс бөлігінде жер астына айдап отырған газды экспортқа шығару үшін осы күкіртті Қазақстан аумағында сақтау туралы ұсыныспен шығып отыр", -деді ол.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, "бұл еліміз экономикасы мен ғылым саласының жаңа бағытына айналуға тиіс".

"Қоршаған ортаны қорғау мен адамзат үшін үлкен қауіп - сонау Кеңестік кезеңнен бері улы қалдықтар қалып келген учаскелер мен тарихи ластану оқиғалары болмақ",-деп мәлімдеді президент.

Атап айтсақ, "Шымкентте қорғасынға қатысты, Ақтөбеде 6 валентті хромға қатысты аса мүшкіл ахуал қалыптасып отыр",- деді президент.

"Үкімет пен жергілікті атқарушы билік органдары осындай қалдықтарды жоюға шара қолдануы қажет", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті