Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрында «Томирис» спектакілінің премьерасы өтті

Тәкен Әліпбайдың «Томирис» қойылымы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Астанадағы Алматы облысының күндеріне орай сахнаға шығарылды.

Қойылым дайындығы ұзақ уақыт әрі тыңғылықты жүргізілді. Спектакльде 26 әртіс ойнаған. Режиссер Хусейн-Әмір-Темір өз қойылымында Сақ патшайымы Томиристің қайғылы өмірін көрерменге барынша нақты жеткізуге тырысқан. Режиссер, әсіресе патшайымның елі мен жеріне деген адалдығына баса назар аудартқан.

Театр залында ине шаншар орын болмады.