Қалқаман ауылында тұрғын үй өртеніп, екі адам тірідей жанып кетті


Қайғылы оқиға бүгін таңғы бестер шамасында болды. Түтінге тұншыққан 15 адам тысқа шығып үлгерген. Олардың төртеуі - балалар. 20 өрт сөндірушіге қызыл жалынмен алты сағаттай алысуға тура келді.Үйдің жартысы жанып кетіп, төбесі түгел опырылып түсіпті. Қазір қаза тапқан адамдардың аты-жөндері анықталып жатыр.