Қалқаманда 4 миллиард теңгеге үй сатылып жатыр

Зәулім екіқабатты үй Алматыдағы Наурызбай ауданы Қалқаман-2 ықшамауданында орналасқан, 50 сотық жері бар. 

"Теңдесі жоқ жаңа резиденция сатылады. Ерекше ұсыныс. Ішкі дизайнын танымал дизайнерлер әрлеген. Спа-зонасы, кинотеатры бар, персоналға арналған бөлме, асхана бар, ашық бассейн, өз теннис корты бар. Орталықтандырылған автоматтандырылған жылыту және жел салқындату жүйесі бар", - делінген Krisha.kz сайтында. Үйдің кірпіштен 2017 жылы қаланғаны айтылады. Ауданы - 2 мың шаршы метр. 


Үйдің суреттерін мына жерден көруге болады.