Қалың мал салт па, сауда ма?

Бағдарлама қонағы Еркеғали есімді жігіт, жасы 22-де. Мамандығы ветеринарлық санитария. Бос уақытында той жүргізіп, қосымша табыс тауып жүрген соң осы жаздан қалмай үйленгісі келеді. "Өз ойым" бағдарламысында қызу талқыланды. 

Алайда, сүйікті қызы отбасын құру үшін 800 мың теңге қалың мал беру керек екенін айтқан.

Қазіргі уақытта жігіт сүйген қызын жары етіп алу үшін бар күшімді салып, ақша жинап қызымның алдына сұраған қалың малын апарамын дейді. 

Эфир барысында Еркеғалидың болашақ жары Перизат хабарласып, ата-анасы расымен де 800 мың теңге әкел деп айтқанын растады. 

Қызылорданың тумасы Еркеғалидың болашақ жарының айтуынша ол қызыл дипломмен бітірейін деп жатырмын, сол үшін де медицина маманы қымбат тұрады, ол жағын да қарастыру керек қой дейді. 

Сонымен қоса студия қонақтарының арасында қызға әкелген қалың мал, қыздың жасауына кетеді деген қызу пікірлерде болды. 

Одан бөлек, 40 жастағы бойдақ әнші Бауыржан Нарымбетов: "Мен отбасын құрған жағдайда қыздың алдына қалың мал апармаймын, ол нағыз сауда емес пе", деп ашуланды. 


Оқи отырыңыз:

Алматыда шаштараз өртеніп, 15 жасар қыз зардап шекті

Ерке Есмахан: Маxаббат жасқа да, нәсілге де қарамайды

Қан қызыл түске боялған Алматы өзенінің суы жұртты шошытты