Қалыңмалдың жаңа түрі ойлап табылды

Дағдарыс, әсіресе, шаңырақ көтеретін бозбала мен оның туыстарына салмақ түсіріп отыр, деп жазады «Аргументы Недели» газеті. Елімізде бұл мәселенің ушыққаны сонша, жігіттер жаппай бойдақ боп жүріп қалуда. Өйткені қалыңмал төлеуге жағдайы жетпейді. Алайда ата-аналар қаймығып қалмай, қалыңмалдың жаңа түрін ойлап тапты. Енді қалыңдықтың туыстары оның атына несие рәсімдейтін болған. Сөйтіп, ол ақша қыздың төркінінде қалады.

Теңге қатты құнсызданғалы бері елімізде дәстүр бойынша берілетін түрлі тарту-таралғылардың мөлшері ұлғайды. Доллардың 185 теңге кезінде қалыңмал 150-200 мың болса, қазір кемі 400 мың. Өйткені оны мың доллардан төмен қылып беру ұят саналады.