Қамау абақтысында туберкулезден қайтыс болу жағдайларының саны жоғары болып тұр - Халықаралық түрме реформасы ұйымы

Оның хабарлауынша, өткен жылы қазақстандық түрмелерде туберкулезбен ауыратын 330 адам қайтыс болса, биыл тоғыз айдың ішінде олардың саны 205 адамды құрады. Жалпы, бүгінде қамауда отырған 1803 азамат туберкулезбен ауырады. Статистика бойынша түрмеде аталған қатерлі дерттен қайтыс болатын адамдардың саны азаматтық қоғамдағы көрсеткіштен 9 есе артық болып тұр. «Бүгінде туберкулезге шалдыққандарды топтап ұстайды. Бұл дерттің таралуына себеп болып отыр. Негізі, ондай топтағы азаматтарды жеке камераларда ұстайтын уақыт келді», - дейді С.Мектепбаева.