Бұл туралы 1 ақпан күні түнде тікелей эфир ұйымдастырған Жұмагелдиевтің адвокаты Талғат Есімов айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Қылмыс әлемінің серкесінің үш бірдей адвокаты тікелей эфирге қатысты. Олар: Талғат Есімов, Виктор Кривоносов және Қуат Сәлиев.
"Оны не үшін, қайда алып кеткені белгісіз. Біз тергеу ұйымдарымен де байланыстық. Бірақ, олар да оның қайда екенін білмейді", - деді адвокат Талғат Есімов.
Виктор КРИВОНОСОВТЫҢ айтуынша, Арман ЖҰМАГЕЛДИЕВТІҢ жоғалып кетуі оның куәлік беруге дайын екендігі туралы мәлімдемесімен байланысты болуы мүмкін.
"Біз оны тергеу тобының мүшелері ЖҰМАГЕЛДИЕВ куәлік беруге дайын екенін білгеннен кейін алып кетті деп санаймыз. Ол өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін олардың кез келген сұрағына жауап беретінін айтты. Мен Бас прокурорға жүгінемін: мұнда тәртіпсіздік болып жатыр", - деді адвокат Виктор КРИВОНОСОВ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, ҚР Прокуратурасынан әділеттілік сұраған адвокаттар Дикий Арманның суицидке бейім емес екенін мәлімдеді.
"Арман Жұмагелдиев өз-өзіне қол жұмсауға бейім емес екенін айтқым келеді. Ол аман болып, ҚР азаматы ретінде өз құқықтарын қорғағысы келеді. Тағы қайталап айтамын. Арман Жұмагелдиевтің өз-өзіне қол жұмсайтын ешқандай да ойы жоқ", - деді адвокат Виктор Криовоносов.
Тікелей эфирге шыққан тағы бір адвокат Қуат Сәлиев те сөз сөйлеп, өз қорғауындағы Дикий Арманның қазір қайда екенінен хабарасыз екенін айтты.
"Адвокаттарға қорғауындағы адамның кез-келген қозғалысы туралы хабарлау керек. Бірақ бізге ешкім хабарлаған жоқ. Кез келген тергеу әрекетіне прокурор санкция беруі керек. Біздің білуімізше Арман Жұмагелдиев тергеу изоляторынан шығарылған. Алайда қазір оның қайда екені белгісіз", - деді адвокат Қуат Сәлиев.
Президент пен Бас прокуратураға үндеу жолдаған адвокаттар Арман Жұмагелдиевтің ісін заң аясында қаралуын сұрады.