Ол Бишімбаевтың туысы екенін ешқашан да айтпаған екен. "Оның (Қуандық Бишімбаевтың - ред.) үнемі қолы босамайтындықтан, екеуміз сирек кездесетінбіз. Тіпті әке-шешесінің өзі оны сирек көретінін айтып жүретіндіктен, мұның біз несін айтамыз. Ол жұмысбасты болып кетті. Сондықтан ағамды тек отбасылық шараларда, тойлар мен садақаларда ғана көретінмін" дейді С.Алтаев.
Сондай-ақ, Санжар бөлесінің өзіне көп үлгі болғанын, ақыл-кеңес беріп отырғанын айтады. Енді тек оның босап шыққанын тілеп жүр екен.
"Әлі тергеу жүріп жатыр. Оның кінәсі дәлелденген жоқ. Қуандықты 10 жылдан аса уақытқа соттап жіберсе, оның түрмеден әке-шешесі жоқ кезде шығатынын елестетіп көріңізші. Балалары есейіп, әкесін танымай қалады. Шаңырағы шайқалады. Бұл сұмдық қой" дейді жазба авторы.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев биыл 10 қаңтарда бірнеше рет пара алды және Қызылордадағы шыны зауытына бөлінген 1 миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталып, 12 қаңтарда қамауға алынған еді. Оны қамауда ұстау мерзімі соңғы рет 10 мамырға дейін ұзартылды.