"Қамқорлық" айлығы аясында 33 мың павлодарлық қарттар әртүрлі шараларға қамтылады

"Облыс орталығында 54 мыңнан астам зейнеткер бар, қаланың билік өкілдері ұйымдастырған іс-шараларға 33 мыңға жуық қарт қамтылады, бірақ біз жылдан- жылға өсіп келе жатқан павлодарлық кәсіпорындардың белсенділігіне үміт артамыз, сондықтан да айлық аяқталғаннан кейін 17-қазанда соңғы көрсеткіштер белгілі болады",- деді қалалық әкімшіліктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Алла Әкімова.

Оның айтуынша, Қарттар күніне орайластырылған іс-шараларды жүргізуге қалалық бюджеттен 7 млн астам теңге бөлінген. 2006 жылы осы мақсатта 5 млн теңге жұмсалған болатын.

Қарттар күнінде мәдени шаралар өткізіліп, зейнеткерлерге жаңа тимурлықтар көмек көрсетеді. Бөлінген қаржыдан 80 және 90 жасқа болған азаматтарға 2000 теңгеден төленеді. "100 жастағы павлодарлықтар қалалық әкімшіліктен 5 мың теңгеден алады. Ең төменгі зейнетақы алатын қарттарға мың теңгеден жәрдемақы беріледі. Әлеуметтік жұмысшылар телефон орнатып, көмір сатып алуға да көмектеседі",- деп сендірді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.

Қарттар күніне байланысты негізгі шаралар 1-қазанда өтеді. Павлодар әкімі Бәкір Демеуовтың кестесінде оннан астам ардагерлер мен арнайы мекемелерге бару жоспарланған.

Сонымен қатар, қала басшылары 8-қазан - Мүгедектер күнін де жоғарғы деңгейде атап өтуді жоспарлап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті