Журналсит Нұрсейіт Жылқышыбай әлеуметтік желіге Әділбек Жақсыбеков пен Асқар Маминнің Түркияда жүрген фотоларын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Абай облысын өрт шалып, халқымыз қайғы жұтып отырғанда мыналар "Манчестер Сити" мен италиялық "Интер" арасындағы финалдық кездесуді рахаттанып тамашалап жүр екен.
Әділбек Жақсыбеков пен Асқар Мамин қолдарына күрек ұстап отты өшіретін жөндері бар еді..." , - деп жазды ол.
Жазба авторын қолдаған желі қолданушылары "Жауапкершілік жоқ, жеді, қалтаға басты, шетел асты... қан жұтып халық қалды мында.. сөзім жоқ", "Сатқындар", Осыларды соттау керек", "Бұларды адам деп санап керек емес, бұларда халық деген ұғым жоқ" деген пікірлерін жарыса жазды.