«Көңіл күйім керемет. Қазір жарысқа қызу дайындық жүріп жатыр. Бұл жолғы қарсыласым - колумбиялық Хуан де Анxель. Осы уақытқа дейін 18 кездесу өткізген тәжірибелі боксшы. Өзіндік стилі бар. Мен ешқандай қарсыласымды осал деп есептемеймін. Әр кездесуіме бар күшімді салып дайындаламын. Себебі бұл - бокс. Бокста дайындықсыз жеңіс болмайды. Алла бұйыртса,жұдырықтасатын сәтті асыға күтіп жүрмін. Қазақ еліне тағы да бір жеңіс сыйлап, ел абыройын асқақтату - мен үшін үлкен қуаныш», - дейді Қанат Ислам. Ел мерейін асқақтатып жүрген намысты ұлға біз де жеңіс тілейміз.