Қанат Ислам екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы бапкерімен жаттыға бастады


Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) отандық бапкер Нұрғали Сафиуллинмен жаттыға бастады. Бұл туралыVesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы аға бапкері жақында Қанат Исламмен қош айтысқан Багаудин Бековтың орнына келді.

Еске салайық, Беков 2019 жылы Қанат Исламды екі жекпе-жекке жаттықтырған - доминикандық Хулио Де Хесуспен (27-2, 24 КО) маусымда және намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-2, 11 КО) қазанда. Кейінгісінде боксшы қолын жарақаттады, ал былтыр жыл соңында қайтадан жаттыға бастады.

Айта кетейік, Ислам бұрын да Сафиуллиннің қол астында жаттықан. Ал қазақстандық маман Мырзағали Айтжанов, Мұхтархан Ділдәбеков, Нұржан Сманов, сондай-ақ, жартылай ауыр және бірінші ауры салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) сияқты бірнеше отандық бокс жұлыздарын дайындаған.