Қанат Ислам IBF рейтингінің үштігіне енді

Бірінші орта салмақ дәрежесіндегі Қанат Ислам алтыншы орыннан үшінші орынға көтерілді. Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров екі сатыға төмендеп, 14-орынға тұрақтады.

Еске салсақ, бұған дейін Қанат Ислам 27 мамыр күні өзінің кәсіпқой рингтегі 24-кездесуінде жеңіске жеткен болатын. Жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Бока Ратон қаласында өтті. Кезекті жеңісінен кейін Қанат WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарына ие болды.