Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Бұл туралы  Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі  мәлімдеді,  деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Қазіргі таңда Қанат Қазақстанда жүр және бірінші жаттығу лагерін бастамақ. Ал біраз уақыттан кейін АҚШ-қа аттану керек, сол жақта бапкері Роджер Ромроның қол астында дайындығын жалғастырады.

Әзірге келесі жекпе-жектің өтетін орны мен өзге мән-жайы белгісіз. Мұның алдында Қанат жаттығу лагерін қаңтар айының соңында бастамақ болған еді.


Кейінгі рет Қанат Ислам рингке 2022 жылдың 7 қазанында Плант-Ситидегі бокс кешінде шығып, төрешілер шешімімен аргентиналық Хавьер Франсиско Масьелді (34-18, 23 КО) жеңген болатын.