Қанат Ислам кезекті қарсыласын ұтты

Эквадордың Кито қаласында өткен кеште Қанат ринг иесі Эдуард Фролесті жеңді. Негізі, біздің боксшы колумбиялық Эмелио Хулио Хулиомен кездеседі деп жоспарлаған. Бірақ Колумбия боксшысы белгісіз себептермен кездесуден бас тартқан.

Бұған дейін Қанат Ислам сәуірдің 19-ы күні Доминикан республикасының боксшысы Жозе Видал Сотоны ұтқан болатын.