23 наурызда Жанқош Тұраров пен Қанат Ислам кәсіпқой рингтегі өздерінің кезекті жекпе-жектерін Колумбия елінде өткізеді.
Оларға қарсы тәжірибелі колумбиялық боксшылар Орландо Де Хесус Эстрада мен Дунис Линан шықпақ. Бүгін боксшылар Барранкилья (Колумбия) қаласына келіп жетті. Осында олар алдағы жекпе-жектерге қатысты баспасөз мәслихатын өткізді.