Қанат Ислам: Өз елімде тұрып жеңілмеймін

Бұл туралы Vesti.kz басылымы хабарлайды.

“Жаттығу лагері ойдағыдай өтті әрі өзімді жақсы сезініп тұрмын. Мен жеңіске жетуге дайынмын. Бұл кездесуді асыға күтіп жүрмін. Өз үйімде тұрып жеңілмеймін”, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам мен Брэндон Куктің кездесуі 9 қыркүйек күні Астана қаласында өтеді. Билеттердің құны 2 000 теңгеден бастап, 10 000 теңгеге дейін бармақ.