Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті

Тұсау кесу рәсімі тура ринг төрінде өткізілді.

Ержан есімді жігіт ағасы ұлының Қанатты жақсы көретінін, сол секілді боксшы болғысы келетінін айтады.

Сол себепті ырымдап осы бір қазақша дәстүрді жүзеге асырғысы келіпті. Кішкентай Димаш келешекте былғары қолғап киіп, ел намысын қорғасам дейді.


“Балаларға бокс үйрету, олардың көздерінен спортқа деген ұмтылысты байқау ерекше қуаныш сыйлайды”, – дейді Қанат Ислам. Еске салсақ, боксшы биылғы жылы ЭКСПО көрмесі аясында Астана қаласында 9 қыркүйек күні жекпе-жек өткізеді.