Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

Қанат Исламның 26 қазанда Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы  «Qazaq promotions» компаниясының instagram парақшасына сілтеме жасап.

 Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі. «Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады. Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында. 2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездескен», - делінген хабарламада.