Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Мәселен біреулер әр айда қанша қант мөлшерін пайдаланғаны жайлы салыстырма видео түсірсе, Қанат Әлжаппаров қонақта қант ұрлағаны жайлы күлкілі видео түсіріп таратуда.
Оқырмандар «Сол өмірге келе жатырмыз ба деп те кейде ойлаймын. Күлетін нәрсе, бірақ шындық», «Күлкілі, әрі қайғылы», «Әңгіме жоқ, дөп тиді», «Азатын болдық», - деген пікірлер қалдырды.
Алтынай Жорабаева болса строис-те қанттың қымбаттауына Дубайда жүрген менің не қатысым бар деп сауал тастады.
Көпшілік әнші-әртістердің қанттың қымбаттауына неліктен сонша видео түсіріп, белсенді бола қалғанына таң қалды. "Неге қаңтар оқиғасына, саяси жағдайларға дәл осылай ой айтпайсыңдар, Украина мәселесін неге көтермейсіңдер? Қантты бәрің айтып кеттіңдер. Жеңіл нәрсеге үйрсіңдер, одан арыға бара алмайсыңдар" деп сынап тастады.
Әнші Айқын Төлепберген бұл жайт жайлы ән орындап беріп, халықты сабыр сақтауға шақырды.
Алайда желі қолданушылар әншіні сынға алды.
«Айқын, сол халыктың арқасы ғой үй салып жатқанын», «Тоқ бала аш баламен ойнамайды»,- деп наразылығын білдірді.