Оның нақты жауабын ihsan.kz порталы арнайы хадиспен келтіріпті.
Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: «Жәннәттардың есіктерін алғаш ашатын мен боламын. Сонда менен озуға тырысып жүрген бір әйелді көремін, оған: «Саған не болды, сен кімсің?» – деймін. Сонда ол: «Мен жетімдерімнің басында отырып, күткен бір әйелмін» – дейді». Демек жетімді күтушілер жұмаққа алғаш кірушілерден болады.
Сонымен бірге: «Бір жетім дастарханда елмен бірге отырса, олардың дастарханына шайтан жоламайды.» -деген де хадис бар.