Қандай тағамдар күйзеліс деңгейін төмендетуі мүмкін - дәрігер кеңесі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Дерматовенеролог Юлия Андреанованың айтуынша, мұндай өнімдерге шоколадты жатқызуға болады. Ащы шоколадты таңдаған дұрыс жөн, деді ол "Вечерний Москваға" берген сұхбатында.

Сондай-ақ, жаңғақ, майлы балық және өсімдік майлары көмектеседі. Диетаға көкөніс пен жемісті қосу ұсынылады. Әсіресе, стреспен күресуде сары, қызғылт сары және қызыл жемістер көмектеседі.

Сондай-ақ, Андреанованың айтуынша, сұлы, қарақұмық, тары ботқасын жеу керек.


Күйзелістен арылу үшін ұйқы өте маңызды. D, E, A витаминдері, Омега-3, -6, -9, мырыш, магний, кальций микроэлементтері керек. Сондай-ақ, күніне 1,5-2 литр су ішу қажет.