Қандас деген ұғым жарасады: Тоқаев "оралман" сөзінен бас тартуды ұсынды

Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бұрындары айтқанымдай, біз тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты "оралман" сөзінен бас тартуымыз керек. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады", - деп жазды Тоқаев.