Олардың басым бөлігі кезінде сириялық ер-азаматтарға тұрмысқа шыққан қыз-келіншектер екен. Жерлестеріміз отбасын қимағандықтан елге оралуға ниетсіз. Ал, 2 жарым жылдан бері өзара қырқысып жатқан бұл мемлекеттің үкіметі қазір химилық қару қолданды деп айыпталуда. Енді бірер күнде Сирия жеріне АҚШ пен бірқатар Еуропа елдерінің әскері басып кіруге дайындалып жатыр. Сондықтан қазір Сириядағы шетел азаматтары жаппай отандарына оралуда. Жалпы, қақтығыс аймағынан соңғы жарты жыл ішінде 11 қазақстандық келіншек пен 27 бала елге қайтыпты. Мәселен, жуырда ғана Нина Халед есімді азаматша төрт баласымен оқ бораған Камышлы қаласынан әзер қашып шыққан болатын.
Жанболат Үсенов, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Қазіргі таңда Сирияда консулдық есепке алынған 19 азамат қалып отыр. Олардың ешқайсысы бізге эвакуциялау туралы өтініш білдірген жоқ. Егер, өтініш білдірсе, біз кез-келген уақытта қолдау көрсетуге дайынбыз.