Қаңтар оқиғасы: Жансейіт Түймебаевтің ұлының өлімі бойынша күдікті ұсталды

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтің ұлының өліміне күдікті ұсталып, қамауда отыр», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Еске салсақ, Ж.Түймебаевтің ұлы биылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде белгісіз біреулер қолынан қаза тапқаны туралы хабарлаған, деп жазды Сaravan.kz медиа порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«6 қаңтар күні кешкі сағат 18.35 минут шамасында Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын, Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан. Қ.Сәтбаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлаған еді аталған оқу орнының баспасөз қызметінен.