Қаңтар оқиғасына қатысты "Үтік басқан " атты жаңа күй жарыққа шықты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Жарас Кемежанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

"Редакцияға күйші Шәміл Әбілтаев келіпті. "Қаңтар қырғыны" деген күйін шертіп, Азамат Батырбаевқа арнадым деді. Газетіміздің жауапты хатшысы Нұрымжан Мауытов "Қазақта "Көбік шашқан", "Кісен ашқан", "Түрмеден қашқан" деген күйлер бар. Сіздің күйдің аты "Үтік басқан" болсын" - деді. Шәміл аға қатты риза болса керек, орнынан тұрып қолын беріп тұрып рақметін айтты. Сөйтіп, "Жас Алаштың" редакциясында "Үтік басқан" деген күй шықты", деп жазды.  

"Өңшең бетімен кеткен куйшілер. Үтік басқаны несі. Дина , Құрманғазы сияқты болу қайда", "Мейлі аты солай болсын. Менттердің жасаған гестаполық зорлығы ұмытылмасын", "Өте тарихи атау Ақиқат", деп пікір қалдырды оқырмандар. 


 

 Қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде 225 адам қаза болған. Бұл туралы бас прокуратураның ресми өкілі айтты.