"Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рахымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым" - Тоқаев


Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кіәнісін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға түсіністік қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рахымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.