"Қаңтар қырғыны кезінде Бас мүфти Дубайда жатты": Бас мүфтидің терроршыларға қатысы бар ма?

 Діни тақырыпты зерттеуші журналист Ораз Әлімбек "Майдан" бағдарламасында біраз жайттың бетін ашты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

- Наурызбай Қажы Өтпенов қаңтар қырғынында 4-8 аралығында Дубайға кетіп қалды. Ал, оның жақтастары Умраға кетіп. Умра қажылық дегеніңіз жай туристік сапар. Оны жылдың кез-келген мезгілінде барауға болады. Солардың бәрі халқын, яғни, қазақ халқы - біздер мұсылманбыз, атап айтсақ, жамағатына еш алаңдамай, бас мүфтидің Дубайға кеткенін қалай түсінуге болады. 

Мүфтияттың да, орынбасарларының да Құдай сүйер қылығы жоқ. Әр қалада болған көтерілісте халықтың алдына шыққан бір имамды көрдік па? Бас мүфтидің өзі Дубайға барып жатып аллы. Оның бас хатшысы жаңа жылдың алдында Дубайға кетіп қалған. 

Наурызбай Қажы Өтпеновтың осы бір қаңтар оқиғасына қатысты шаруаларға қатысы бар ма деген сауалды қарастырып, зерттеп жатырмын, деді діни зерттеуші журналист. 


Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының басында елімізге жасалған террористік шабуыл кезінде көптеген адам мерт болды. Лаңкестік шабуыл барысында, ғимараттар мен дүкендер тоналып, өртке оранды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай бүлік кезінде елімізге 20 мыңға жуық лаңкес шабуыл жасады деп мәлімдеді.