Қаңтар- қыркүйек аралығында Қазақстанда Жалпы ішкі өнім 2004-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 8,9 процентке өсті

ЖІӨ-нің 8,9%-ға өсуі экономиканың барлық салаларында нақты көлемнің: өнеркәсіпте - 4,2%-ға, ауыл шаруашылығында - 7,4%, құрылыста - 38,8%, көлік және байланыстағы қызмет көрсету - 9,5%, саудада - 9% өсуіне байланысты болып отыр.

2005 жылдың қаңтар-қыркүйегінде дефлятор-индекс жалпы экономика бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,4% құрады, соның ішінде тауарлар өндіруде - 112,8%, қызмет көрсетуде - 108,6% жетті.
Ағымдағы кезеңде ЖІӨ құрылымында тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің үлесі тиісінше 43,2% және 52,9% құрады. ЖІӨ өндіруде негізгі үлесті өнеркәсіп (29,6%) алады.