2013 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2014 жылы қаңтар айында бұл көрсеткіш 1,7% артты, деп хабарлады статистика жөніндегі мемлекеттік агенттіктен.
Статистиктердің деректеріне қарағанда, күнкөріс минимумы көлемінің жалпы көрсеткішінде азық -түлік тауарлардың үлесі 10 мың 487 теңгені құрады, азық-түлік емес және ақылы қызметтікі – 6 мың 992 теңге.
Статведомствоның дерегіне қарағанда, өткен айда күнкөріс минимумы 13 жасқа дейінгі балаларда 13 мың 973 теңгені құрады, 14-17 жастағы жасөспірімдерде - 22 мың 124 теңге, сол жастағы қыз балаларда - 16 мың 951 теңге, еңбеке жарамды ер адамдарда - 20 мың 788 теңге, әйелдерде - 16 мың 509 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдарда – 16 мың 395 теңге.
Қазақстан халқының саны 17 млн адамнан асады.