Ұлттық банк мәліметі бойынша, өткен айда Қазақстан қор биржасында биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алса қазан айымен салыстырғанда 12,3%-ға артып, 5,4 млрд $-ды құрады. Биржадан тыс валюта нарығында операциялар көлемі 0,5%-ға, 2,1 млрд $-ға төмендеді.
Жалпы алғанда ішкі валюта нарығындағы операция көлемі 2013 жылы қараша айында қазан айымен салыстырғанда 8,5%-ға артып, 7,5 млрд $-ды құрады.