Қаңтар-қазан айлары аралығында тіркелген автокөлік саны 26 пайызға өскен

Мемлекеттік Статистика агенттігінің хабарлауынша, аталған уақыт аралығында зауыттан шыққанына 10 жылдан асқан 323 мың 989 көлік, 7 жыл толмаған 55 мың 834 көлік және жасалғанына 3 жыл толмаған 52 мың 505 көлік тіркелген.

Қазір елімізде 3 млн 979 мың 100 автомобиль бар.