«Қанішер бикеш Батори» экранға шықты

Оқиға желісі 17-ші ғасырдағы Венгрияның Чейте қаласында өрбиді. Айналасы орманмен көмкерілген алып бекіністе Елизавета Батори ханым өмір сүрген. Ол Гиннестің рекордтар кітабына ең қанішер билеуші ретінде енген. Ақылына көркі сай, бірақ қаталдығымен жұрттың зәресін алған әйелдің рөлін Светлана Ходченкова сомдапты.

Светлана Ходченкова, актриса:

–Менің ролімнің ең керемет жері сол, кейіпкерім екеуміз бір-бірімізге мүлдем ұқсамаймыз. Баторидің бейнесін сомдау әрі қызық, әрі қиын. Оның қанға не себепті жақын екенін түсіну керек болды.

Батори кінәлі адамдарға жазаның ең ауыр түрін қолданады. Сценарий бойынша, ағалы-қарындасты Миша мен Алетта көшеде сиқыр көрсетіп азғантай тиын- тебен тауып жүреді. Содан әмиян ұрлап қолға түскен олар Баторидің қаһарына ұшырайды.

Актер шынайы өмірде балаларды жанындай жақсы көреді. Бірақ Баторидің қатігездігі бүкіл аяушылық атаулыны жойып жібергендей. Қатал ханымның әрекетіне баға беру көрерменнің еншісінде. Мистикалық триллерді ертеңнен бастап еліміздің кинотеатрларынан көре аласыздар. Туындыны Қазақстанға таратушы – Меломан компаниясы.



Loading...