"Қанішер болғандықтан..." Тасмағамбетовтің ҰҚШҰ Бас хатшысы болуын қоғам қайраткері Ресейдің таңдауы деп есептейді

Бұл туралы ол Caravan.kz тілшісіне айтып берді. 

"Бұл ұйымның болашағы жоқ. Ұйымда қазір Қазақстаннан басқа Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан бар. Бәрі өліп біткен мемлекеттер. Енді, Қазақстанның халықаралық деңгейде аздаған беделі қалғаны рас. Міне, сол үшін Қазақстаннан өкіл етіп, Иманғали Тасмағамбетовты сайлады. Тасмағамбетов бәріне дайын адам. «Қазақтарды қыруға бар» десе де дайын тұрған адам. Алматының әкімі болып тұрғанда Шаңырақ оқиғасын көрдік. 4000-дай отбасының үйін бульдозермен қырып тастауға қаулысын шығарды. Ол қанішер болғандықтан да, әдейі соны таңдап қойып отыр. Бұл - Ресейдің істеп отырғаны. Ал, Тасмағамбетовке бәрібір. Ол тек мансап қуып жүр", - дейді Жанұзақ Әкім.

Айта өтейік, Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы болып сайланды. Тасмағамбетовтың кандидатурасын Армения премьер-министрі Николь Пашинян ұсынды. Шешім Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қабылданды. Иманғали Тасмағамбетов алдағы 3 жыл бойы ұйымды басқаратын болады.