Қанша ойыншы 2014 жылғы Еуропа чемпионатына барады?

Бұл жарыс Латвияда өтеді, және біздің құрамамыздың штабына бұл тізімнен үздік 14 ойыншыны іріктеп алу міндеті тұр, деп жазады бүгін «Казахстанская правда» газетінде шыққан «Новый тренер созывает сборную» атты мақалада тілші Юрий Макаров.

Ал әзірше Алматыда оқу-жаттығу жиындары өтуде. Оған шақырту алған ойыншылар тізімі: қақпашылар Виталий Халявин мен Ғалымжан Қосмұхамбетов («Қайрат»), Григорий Шамро («БТА-Футзал», Алматы), алаң ойыншылары - Дінмұхамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Тимур Мырзабаев, Николай Пенгрин мен Әсет Жақсыбаев (барлығы - «Қайраттан»), Қайрат Күлбараков пен Асылбек Мұхамедияров (екеуі де - «БТА - Футзал), Шыңғыс Есенаманов, Михаил Першин, Александр Довгань және Роман Шорин (барлығы - қарағандылық «Тұлпардан»), Сүндетқали Мамаев пен Николай Казаков («Өзенмұнайгаз», Жаңаөзен), Данияр Кенжеғұлов пен Николай Казаков (екеуі де - «СКА-Юг», Тараз).