"Қанша жыл жетім жүрген бүлдіршінге әке болып, ізгілік жасадың": Халық Раймға ризашылықтарын білдірді

Еркемен неке қиып, сырға салып, қолына қондырған Раймға халық тәнті екендерін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі. 

12 жас аралықтағы некеге көпшілік халық ерсі көріп, ауыр сыни пікірлер жазылғанымен, бұл жұпты қолдап, бақыт тілегендер де болды. 

"Сорлы балаңа да сендей қатын бұйырсын": Халық Ерке Есмаханға ауыр сөздер айтты

"Раймға риза болдым. Жігіт болса, сендей болсын. Баласымен бірге алып отыр. Қанша жыл жетім жүрген бүлдіршінге әке болып, үлкен ізгілік жасадың. Ал, Еркеге жету қайда. Дұрым емес деп жатқандар, қолдарыңнан 12 жас тұрмақ 2-3 жас кішіні қарату келмеді ғой, естігілерің керек сол болса", деп жазды желідегі оқырмандардың бірі.