Қант бір жылда 87 пайызға қымбаттады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Energyprom.kz порталының мәліметінше, өндірістің ең үлкен көлемі дәстүрлі түрде Жамбыл облысына тиесілі. Өңір 96 мың тонна қант шығарып, өндіріс көлемін, өткен жылға қарағанда 16,4 пайызға ұлғайтқан. Облыстың республикадағы үлесі былтырғы 60,3 пайыздан 64,3 пайызға өсті.

Осы жылдың қаңтар–мамыр айларының қорытындысында жергілікті компаниялар қантқа сұранысты қанағаттандыруды (ішкі нарықтағы сатуды және экспортты) бір жыл бұрынғы 48 пайыздан 57,1 пайызға дейін жеткізді. Импорт үлесі 52 пайыздан 42,9 пайызға дейін төмендеді. Елге 63,5 мың тонна қант әкелінді. Көрсеткіш өткен жылғыдан 38,9 пайызға аз. Ішкі нарықтағы сату көлемі 25,6 пайызға, яғни 147,7 мың тоннаға дейін төмендеді.

2022 жылдың қаңтар–маусым айларында елімізге жалпы құны 126,4 млн долларды құрайтын 210,6 мың тонна қамыс қанты мен қызылша қанты, сондай-ақ қатты күйдегі химиялық таза сахароза импортталды. Нақты мәнде импорт көлемі 11,3 пайызға азайғанымен, ақшаға шаққанда керісінше 15,3 пайызға көбейген.

Қазақстан ТМД елдерінен 65,3 мың тонна қант пен сахароза импорттады. Бұл былтырғыдан 45,7 пайыз кем. Импорттың негізгі бөлігі Ресейден келді: 62,4 мың тонна, көрсеткіш былтырғыдан 42,5 пайыз төмендеді.


ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 145,3 мың тонна қант импорттады. Бұл өткен жылғыдан 23,9 пайыз көп. Қанттың басым бөлігі, яғни 107,7 мың тоннасы Бразилиядан жеткізілді.

Биыл шілдеде елде қанттың келесі орташа есеппен 537 теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 86,6 пайызға қымбат.

Қант бағасының қымбаттауын негізінен Жамбыл облысының тұрғындары сезінді: баға былтырғыдан 2,2 есе өсті. Одан кейін Алматы қаласы мен Қарағанды облысында айтарлықтай өсті. Бағаның ең аз өсуі елордада байқалды: +58,3 пайыз.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде ең қымбат қант Алматы (581 теңге), Қонаев (555 теңге) және Атырау (554 теңге) қалаларында , ал төменгі баға Ақтөбеде (449 теңге) тіркелді.