Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде "Аян" супермаркеттерінің бірінде түсірілген жанжалдың видеосы тарап жатыр. Кадрларда тұтынушылар төбелесуге шақ қалғаны көрсетілген. Куәгерлердің айтуынша, жанжалға қант тапшылығы себеп болды. Сауда орны әкімшілігі полиция шақыруға мәжбүр болған.
"Сатып алушылардың шабуылынан кейін сауда сөрелері маңы шашылып жатыр. Еденде тұз қораптары, макарон пакеттері, төгілген қант жатыр", - делінген хабарламада.
Екі апта бұрын қант сатып алушылар арасындағы таласты басу үшін "Аян" супермаркетіне полиция тобы шақырылған.