Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, сыйлықтың білікті қазылар алқасы ғалымдар жасаған және бүгінгі күнге дейін республиканың 70 авторлық куәліктері мен патенттерін алып үлгерген технологияны жоғары бағалаған. Ғалымдар тобының идеясы бойынша жасалған жаңа отқа төзімді материал өндірістік сынақтардан өтіп, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Куба елдерінің кәсіпорындарында жақсы қырынан танылған.
Жоғары оқу орнының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, ғалымдар бұдан кейін де республика кәсіпорындарында аталмыш технологияның енуіне қызмет ететін болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, өндіріске қазақстандық отқа төзімді материалдарды енгізудегі экономикалық тиімділік 400 млн теңгеден асып жығылады.