Caravan Logo

Қапшағай әкімінің дөрекі қылығын этика бойынша кеңес қарайды

Қапшағай әкімінің дөрекі қылығын этика бойынша кеңес қарайды

Әкімдіктің хабарлауынша, бұл мәселе бақылауға алынған.

«Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың қызметтік этика нормаларын бұзуына байланысты, бұл оқиға Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережелерінің 25-тармағына сәйкес Алматы облысы этика бойынша кеңестің қарауына жіберілді. Қаралым қорытындылары туралы қосымша хабарланады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жақында кейбір БАҚ-та Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымовтың азаматтарды қабылдау барысында келушілердің бірімен дөрекі сөйлескен видеосы жарияланған еді.