Қапшағай мен Таразда екі адам суға батып кетті

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Қапшағай қаласында "Ермин" демалыс аймағы аумағында 10 маусымда сағат 23.00-те 29 жастағы жігіт суда жүзіп жүріп суға батып кетті. Оның мәйітін судан құтқару қызметі 11 маусым күні шығарып алды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Тараз қаласында (Зербұлақ көлі) 10 маусымда 21 сағат 35 минутта 21 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның мәйітін 11 маусым күні 07 сағат 30 минутта судан құтқару қызметі шығарып алды.