-Қандай ұят! Енді масқара ұят!!!
Қарт майдангер үйден шығудан қалған. Көршілері көрсе, су жаңа көлігі туралы сұрайды. Туыстары да қайта-қайта қоңырау шалып «көрімдік» әкелеміз деп әбден қолқалаған.
Ескендір Күреңкеев, соғыс ардагері:
-9-шы майда бәріміз келеміз, құтты болсын айтамыз деген. Көлікті мен сұраған жоқпын, өзі айтқан береміз деп. Сосын кейін қарасақ бермейтін болып шықты. Үлкен реніш пайда болды біздің әкімге
Әңгіменің басы Қапшағай қаласы әкімінен басталған. Сәтжан Қиқымов майдангерлердің үйіне кіріп, әрқайсына бір көліктен уәде етіпті. Тіпті мұнысын ақпарат құралдары арқылы да айтып, сүйінші сұраған.
Сәтжан Қиқымов, Қапшағай қаласының әкімі:
-Облыс бюджетінен қарастырылып, бүгінгі таңда 10 ардагерімізге машина дайындап жатырмыз. Сосын мейрамына 9-шы майда сол облыс әкімі атынан бір- бір көлік сыйлайын деп отырмыз.
Бірақ шенеунік сол күйі қарасын көрсеткен жоқ. Көлік күтіп қуанып отырған ардагерлерге де мән жайды түсіндірмеген. Алданған Қапшағайдың ғана ардагерлері емес екен. Су жаңа көлік туралы жалған уәде Жамбыл ауданының тұрғыны Михаил Прокопенкоға да берілген.
-Көршілерімнің бетіне қарауға ұяламын. Ұят емес пе әкімдікі?
Даңқ» орденінің иегеріне қарияға әкімдіктегілер, тіпті, машинаның маркасын да айтыпты. Өзі жүріп тұра алмағандықтан ақсақалға «Нива» автокөлігі берілмек болған.
-Кешірім де сұраған жоқ.
Ардагерлерден алдын-ала сүйінші сұрап жүрген шенеуніктер не үшін сөздерінен айнығанын түсіндірмек болды.
Гүлнар Ермекбаева, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:
-Шешім шыққан. Ақша бәрі қойылған. Бірақ та, барлық облыстарды селектор болып ондайды қойыңдар деді. Біздің облыс қана машина берем деді ғой.Сол жерде отырдым ғой. Басқа облыстар айтқан ғой, Алматы облысы беріп жатса, бәріміз бірдей болайық! Сосын Машина бермейік деп келісімге келген басшылар.
Камера өшірулі деп ойлаған әкім орынбасары осылай ағынан жарылған. Бірақ ардагерлерге берілген уәде секілді, бір минут өтпей бізге айтқан сөзінен де тайқып шыға келді.
Гүлнәр Ермекбаева, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары:
- Ондай шешім шықты деген ондай ешқандай әңгіме болған жоқ! Аудан ондай әңгімені жүргізген жоқ!
– Сіз жаңа камерадан тыс басқаша сөйледіңіз, камераға басқаша, қалай?- Жоқ!
-Көлік туралы уәде болған емес деп сөзден тайған атқамінерлер неліктен екі сөйлегені туралы да түсінік те бермеді. Бірақ, отыз екі тістен шыққан сөз әлдеқашан бүкіл Алматы облысына тарап қойған. Қымбат сыйлықтың берілмейтінін әлі естімеген ардагерлер үшін ертеңгі салтанатты шеру тосын сыйлыққа толы болайын деп тұр.
Loading...