Қапшағай тас жолында жантүршігерлік апат болды (Видео)

Куәгерлер әлеуметтік желілерде бірнеше көлік соқтығысқан жол апатының видеосымен бөлісіп жатыр.

 

Жантүршігерлік кадрде көліктердің ғана емес, бетон, темір жол белгілерінің қирағанын көруге болады.

@kris.p.almaty тобында жарияланған мәліметке сәйкес, жол апаты салдарынан бір адам қаза болған. Тағы екі адам түрлі жарақат алды.

Оқиға орнында патрульдік полиция жұмыс істеп жатыр.