Қапшағайда бір күнде төрт адам суға батып кетті


Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап қазақстандық ақпарат агенттіктері хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, жексенбі күні таңғы сағат алты кезінде қалалық жағажай маңында суға түсіп жүрген 1990 жылы туған әйел батып кеткен. Арада алты сағат өткенде тағы да сол жағажай аймағында 1995, 1998 және 2002 жылдары туған үш адам суға кетіп ажал құшқан.