Қапшағайда мас жүргізуші 13 жастағы жасөспірімді басып кетті

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді басып кеткен жүргізуші ұсталып, қамалғанын хабарлады.

«Апатты көргендер жол-көлік қызметі қызметкерлеріне оқиға орнынан қашып кеткен көліктің маркасы мен түсін айтып берді. Жедел жоспар арқылы «Марк-2»  көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қапшағай-Алматы жолында ұсталды. Сараптама жүргізу кезінде жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды», - деп атап өтті Қапшағай ҚІІБ бастығы Т. Беркінбаев.

Кісі өліміне соқтырған  жол апаты фактісі бойынша ер адамға қылмыстық іс  қозғалып, сараптама тағайындалды.