Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 19 қарашада 14 сағат 05 минутта Алматы-Өскемен тас жолының 88 шақырымында "БМВ" көлігінің жүргізушісі "Тойота" көлігімен соқтығысты.
"Апат салдарынан 10 адам оқиға орнында қаза тапты: екі жүргізуші мен "БМВ" көлігінің екі жолаушысы, ал қалған алты жолаушының аты-жөндері анықталу үстінде", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Оқиғаның зардаптарын жоюға ҚР ТЖМ-нің "Республикалық АҚО" МБ-ның 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті